Сенат спикері Мәулен Әшімбаев осындай мәлімдеме жасады.
Мәулен Әшімбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Үкімет барлық атқарылатын іс-шараларды назарда ұстайтынын тілге тиек ете келіп, бұл іске депутаттар да атсалысатынын айтты.
«Депутаттар да осы мәселені бақылауда ұстап, үнемі кәсіпорынға барып, ондағы жағдайға мониторинг жасаймыз. Инвестор өзіне алған барлық міндеттемені толықтай орындайды деп сенеміз», – деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Мәулен Әшімбаев жаңа инвестор Qarmet компаниясын жаңғырту міндеттемесін толық орындайтынына сенім білдірді.
«Бұл мәселенің барлығы бақылауда болады. Кәсіпорын басшылығы өндірісті ары қарай дамытып, алға қойылған міндетті орындап, жұмыс орындарын сақтап, табысты еңбек...