14 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдегі экономикалық ахуалды, шектен тыс қымбатшылықты қатаң сынға алды. Тіпті біраз министрге сөгіс те жариялады. Жалпы алғанда үкімет жұмысына орташа деп баға берген Президент, күзге қарай кадрлық өзгерістер жасайтынын да жасырған жоқ.
«Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ… Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет...