Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық сотында Қайрат Боранбаев және Роман Наханов, Тайыр Жанұзаққа қатысты сот үкімі шықты.
Сот үкімімен Қайрат Боранбаев және Роман Наханов қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олардың мүлкі тәркіленеді. Екеуі де мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды.
Сот үкіміне сәйкес Боранбаевтың меншігіндегі Алматы қаласы әл-Фараби көшесінде орналасқан үй мен жер учаскесі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ шотындағы 1 млрд 270 млн 196 мың теңге және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның екі шотындағы 2 млрд 847 млн 877 теңге мемлекет кірісіне өтеді.
Айыпталушы Тайыр...