Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртінен Атырауды түтін басты. Теңіз жағалауындағы 89 гектар аумақты өрт алды. 3 сәуір күні таңертең 82 гектар жер сөндірілді.
«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты бөлім басшысы Ғани Ағыбаевтың дерегінше, Каспий жағалауының теңіз суы таязданып кеткен бөлігінде өсімдіктер өртенуде.
«Жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты шиеленісіп, үнемі бағытын өзгертетін қатты жел өрт ауқымын ұлғайтып отыр. Сонымен қатар, батпақты жер балшыққа түсетін техниканы толық пайдалануға мүмкіндік бермейді», деді Ғ.Ағыбаев.
Өткен жексенбіден бері әлеуметтік желілерде Атырау тұрғындары қаланы басқан қою түтінді айтып, шағымданған болатын. Табиғат қорғаушылар өртке адамдар себепкер болды деп...