Сарапшылар дамушы елдердің облигацияларынан аулақ болуға және коммуналдық акцияларға инвестиция салуға кеңес береді. Бұл олардың кірістілігінің америкалық бигтехтен асып түскенін көрсетеді. Сонымен қатар Қытайда дефляция күшейіп, елге жапон сценарийі бойынша ұзаққа созылған дағдарыс қаупі төніп тұр. Осы және өзге де тақырыптар туралы 9 қыркүйекке арналған шолудан оқыңыз.
BofA ФРЖ-дағы құбылмалылық пен жұмсарту кезеңінде коммуналдық акцияларға басымдық береді
Bank of America акцияларының стратегі Савита Субраманьян қор нарығындағы жоғары құбылмалылық коммуналдық акцияларды тартымды етеді деп санайды. Субраманьян коммуналдық сектордың салмағын арттырып отыр. Оның пікірінше, бұл сектордың кірістілігі технологиялық компаниялардың кірістілігінен де жоғары болады деп жазды Bloomberg. «Тасбақаны (сапа мен кіріст...