Женни Ерпенбек халықаралық жүлдені жеңіп алған алғашқы неміс жазушысы болып отыр. «Букер» жүлдесі жазушыға «Кайрос» кітабы үшін берілді. Туындыны неміс тілінен Макл Хофманн аударған.
Кітап 1986 жылғы Берлиндегі махаббат оқиғасына негізделген. Романның басты кейіпкері – жас қыз. Қоғамдық автобуста отбасылы, жасы үлкен еркекті жолықтырады. Екеуінің арасында махаббат оты тұтанып, екі ғашық көптеген өткелден өтеді. Қыз алдануы үшін басқа жігіттермен кездеседі, бұдан олардың қарым-қатынасы Шығыс Германияның құлдырауы сияқты шытынап кетеді.
Ерпенбек бұл туындыны «Махаббат кезеңдерін баяндайтын жеке оқиға, бірақ түгел бір саяси жүйенің де құлдырау тарихы» деп сипаттайды. Қысқаша айтқанда, оқиға басында дұрыс көрінген дүниенің оқиға аяқталғанда қалайша дұрыс емес көрінед...