Ресейдің еуропалық депозитарийлерде бұғатталған активтерінен түскен пайда екі жыл сайын Украинаға әскери қолдауға жұмсалмақ. Бұл туралы Еуроодақ кеңесі хабарлады.
Қаражаттың 90%-ы Еуропалық Бейбітшілік қорына, тағы 10%-ы Украинаны қолдау және Еуропалық Одақтың қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады.
ЕО шектеу шаралары Украинаға одан әрі әскери қолдау көрсету, сондай-ақ оның қорғаныс өнеркәсібінің қуатын арттыру мен қайта құру үшін пайдаланылады.
2022 жылдың ақпанында Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс басталды. Осыдан кейін АҚШ, ЕО және басқа да одақтас елдер бірігіп Ресейдің Орталық банкімен және Ресей Қаржы министрлігімен транзакцияларға тыйым салды. Қазіргі кезде Ресейдің бұғатталған активтерінің көлемі 300 млрд долларға жеткен. Ресей...