Фитосанитариялық қызмет Ресейден әкелінген қызанақтардан қауіпті вирус тапты. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 2700 дана пакеттегі қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспен залалданғанын анықтады.
«Астана темір жол» ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген 108 орын немесе 2700 дана болатын бума пакетте қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспен залалданғаның анықтады. Өнімді елорда аумағына енгізуге тыйым салынды және «НТП Kazecotech» компаниясының мамандандырылған пешінде өртеу әдісімен жойылды»,- деп хабарлады агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ, алайда Solanaceae тұқымдас...