Су тасқынына байланысты Ақтөбе әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты. Бұл жайлы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Тазалау жұмыстарына байланысты келесі рейстер ұшпай қалған: SCAT/DV496/ Ыстамбұл – Ақтөбе; SCAT/DV1722/ Ақтөбе – Астана; FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы – Ақтөбе; FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе – Алматы; QAZAQ AIR/IQ399/ Астана – Ақтөбе; QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе – Атырау; QAZAQ AIR/IQ396 Атырау – Ақтөбе; QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе – Астана; AIR ASTANA/KC863/ Алматы – Ақтөбе; AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы; SCAT/DV5263/ Шарм – Эш – Шейх...«Ұшу жолағында тазалау жұмыстарынн жүргізуге байланысты әуежай әуе кемелерін қабылдау және ұшыру жұмыстарын 6:30-дан бастап, 17:00-ге дейін жабылады», –делінген хабарламада.