19 наурыздағы сауда сессиясында «Яндекс» акциялары 4,44%-ға қымбаттады. Ең жоғары баға 3,85 мың рубль болды (бұл 18,79 мың теңге). Бағалы қағаздар алдымен 2022 жылдың ақпан айындағы деңгейге жетті, кейін бір акцияның бағасы 3,8 мың рубльді (18,55 мың теңге) құрады. Бұл туралы ресейлік Tradingview басылымы хабарлады.
Қазір компания акциясының бағасы 3,83 мың рубльді құрайды
Ресейлік РБК-мен сұхбатында BCS World of Investments қор нарығы сарапшылары бөлімінің басшысы Альберт Короев компанияның бағалы қағаздарына сұраныстың артуы ақпараттық лентамен қатар жүрмейтінін айтты.
«Корпоративтік жаңалықтар болған жоқ, бірақ «Яндекс N.V.» акцияларының айырбастау коэффициенті туралы хабарландыру алдында өзгерістер байқалады», – деді сарапшы.
Голландиялы...