Бірінші кредиттік бюроның Data Hub Telegram арнасы еліміздегі әйелдерге қатысты статистика ұсынды. Арна Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасайды.
Қазақстанда әйелдер саны ерлерден көп. Олар – халықтың 51,2%-ына тең.
Елімізде тұрғындардың ең көп үлесі әйелден тұратын елдімекен – Абай облысындағы Шүлбі ауылдық округі. Мұндағы халықтың 56,3%-ы – әйел. Ал халқының әйел үлесі көп ауыл Ұлытау қаласы облысындағы Жазқазған ауылы (25%),– делінген хабарламада.
Әйелдердің айлық еңбекақысы ерлерге қарағанда 21%-ға төмен.
Дегенмен кейбір салада әйелдердің жалақысы көбірек. Мысалы, телерадио хабар тарату саласында олардың еңбекақысы ерлерден 8,7%-ға, қауіпсіздік секторында 17%-ға, ал мектепке дейінг...