«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Құдайбергенов «Қаламқас-теңіз/Хазар» жобасының 50 пайыздық үлесі не себепті «Лукойлға» сатылғанын түсіндіріп берді. Айтуынша, игерудегі қиындықтарға байланысты бұл жобадан алғашқыда инвесторлар бас тартып, кен орындарын мемлекетке қайтарып берген. «Қаламқас-Теңіз және Хазар кен орындары бұған дейін жер қойнауын пайдалану жөніндегі әртүрлі келісімшарттарға кірген. Операторлары да…