Еңбек нарығы жұмыскерге мұқтаж. Істеймін деген адамға шаруа көп. Иә, бізде инфляция тым жоғары, теңге – құнсыз, жалақы – мардымсыз. Бірақ мұның бәрі кежегенің кейін тартуына себеп болмауға тиіс. Мемлекет азаматтардың мамандықты жедел меңгеріп, тезірек кәсіп тауып алуына барынша жағдай жасап жатыр.
2021 жылы шілде айында елімізде skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған еді. Содан бері аталған платформа арқылы 94,5 мың азамат білімін шыңдапты. Оның ішінде 19,5 мың жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алған. Платформада жалпы 126,9 мың тұлға тіркелсе, оның 113,4 мыңы 2022 жылы тіркелген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, оқудан өткен 19,5 мың жұмыссызды...