МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін енді өткен 12 айға жарна төлеудің қажеті жоқ. 5 қыркүйекте енгізілгенөзгерістерге сәйкес, алдағы 12 ай үшін төлем жасауғаболады. Бұл жыл бойына сақтандырылуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін хабарланғандай, шілде айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бекітілді. Жаңа норма алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне дербес төлеушілердің қатысуының баламалы әдісін қарастырады. Бұған дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін өткен 12 айға төлем жасалуы керек еді.
«Халық денсаулығына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Президент халықтың белгілі бір бөлігі әлі де МӘМС жүйесінен тыс қалып отырғанына назар...