Қазақстанда әйелдердің экономикалық және әлеуметтік рөлі артып келеді. Бірақ олар әлі де бірқатар қиындықтарға тап болуда. Гендерлік жалақы айырмашылығы, мансаптық өсу кедергілері, басшылық қызметтердегі теңсіздік және зейнетақы айырмашылығы – шешуді қажет ететін мәселелер. Біз қазақ әйелдерінің соңғы 10 жылда қалай өзгергенін талдап көрейік.
Гендерлік жағдайымыз қандай?
Жаһандық гендерлік алшақтық индексінің 2024 жылға арналған есебі бойынша Қазақстан 76-орында орналасқан, оның жалпы индексі 0.710-ды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы 62-орын, индекс – 0.721) елдің көрсеткіші төмендеген. Қазақстанның әртүрлі салалардағы гендерлік теңдігіне қатысты негізгі көрсеткіштері төрт негізгі санатқа бөлінеді. Олар: экономикалық қатысу және мүмкіндіктер, білімге қолжетімділік, денсаулық және өмір...