Перуде құқық қорғау органдары мен үкіметке қарсы наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 60-қа жетті.
Оңтүстік Америка елінің көптеген қалаларында үкіметке қарсы мыңдаған шерулерге қатысушылар президент Дина Болуартенің отставкаға кетуін, қамауда отырған бұрынғы президент Педро Кастильоны босатуды, Конгрессті таратуды және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етуде.
Перуде 2022 жылдың 11 желтоқсанынан бері үкіметке қарсы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 60-қа жетті.
22 қаңтар күні таңертең полиция Лимадағы Сан-Маркос университетінде 200-ге жуық студентті ұстады.
Билік Перудің әртүрлі қалаларынан наразылық шерулеріне қатысу үшін келген студенттер университет кампусында лагерь құрғанын хабарлады.
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Перу Республикасының Конгресі мерзімінен бұрын сайлауды...