Осы жылдың 9 айында қазақстандықтарға 2,2 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 261мың адам.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте...