Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы әкімдігінің басшылығына келді. 20-қаңтарда оның кандидатурасын мәслихат депутаттарына Асқар Мамин таныстырды. Халық қалаулылары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Дауыс беру және Әбілқайыр Сқақовты лауазымға бекіту процедурасынан кейін оны өңірдің активімен таныстырды.
«Сіздердің жерлестеріңіздің кандидатурасы ұсынылды. Президент және Елбасы тарапынан оған сенім білдірілді. Оның жаңа лауазымда табысты еңбек ететініне сенімдімін», – жаңа әкімді таныстырған Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин.
Өз сөзінде Әбілқайыр Сқақов өзіне білдірілген сенім мен өз атына айтылған жылы лебізге алғыс білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 15-қаңтардан бұдан бұрын облысқа басшылық жасаған Болат Бақауовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік...