2023 жылы Астана қаласына 1,6 триллион теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берген.
Қала басшысының айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған, Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген
«Былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске...