Қазақстанда моноқалалар саны азайған. Бұл жайлы Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы Айгерим Аманжолова жазған.
Маманның айтуынша моноқалалардың тізбесі экономикалық дамудың мамандануын және әлеуетін ескере отырып қалыптастырылады.
2023 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен осындай моноқалалардың жаңа тізбесі бекітілген. Олар Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз қалалары.
Алайда бұл тізімге 7 қала кірмеген. Олар – Арқалық, Жаңатас, Жезқазған, Қаратау, Сарань, Серебрянск, Текелі қалалары.
Осыған дейін моноқалаларға жатқызылған бұл қалалар экономикалық өзгерістер мен табиғи ресурстардың сарқылуына байланысты өз «мәртебелерінен» айырылған.