Осы аптада инвесторлардың назары АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі, Еуропа мен Азиядағы ірі экономикалық орталық банктерінің отырысында болмақ. Сонымен қатар Уолл-стрит АҚШ-тағы тұрғын үй нарығы туралы жаңа деректерді, Nike және Micron-ның кіріс есебін бақылайды.
Lseg-тің (бұрынғы Refinitiv) мәліметтері бойынша, қаржы нарығы АҚШ-тың пайыздық мөлшерлесі тамыз айында төмендеуі мүмкін. Осы сәрсенбіде өтетін отырыста ФРЖ нарық мөлшерлемені 2001 жылдан бергі ең жоғары деңгейде 5,25% – дан 5,5% – ға дейін сақтайды деп болжап отыр.
Сондай-ақ инвесторлардың назары Жапония Банкінің отырысынды болмақ. Өйткені жақында жапондық Орталық банк теріс пайыздық саясаттан бас тартуы мүмкін.
Dow Jones Newswires дереккөздерінің айтуынша, егер реттеуші теріс ставка саясатынан...