Қытайлық интернет-алпауыт Alibaba Group Holding екінші қаржылық тоқсанда таза кірісті 9%-ға арттырды. Бұл туралы Интерфакс ру хабарлады.
Компанияның мәліметінше, 30 қыркүйекте аяқталған тоқсанның қорытындысы бойынша таза пайда 27,71 миллиард юаньды (3 3,8 миллиард) құрады.
Бір реттік факторларды есептемегенде пайда ADS үшін 15,63 юань болды, бұл FactSet сауалнамасына қатысқан талдаушылардың ADS үшін 15,28 юань деңгейіндегі консенсус болжамынан асып түсті.
Alibaba-ның тоқсандық кірісі бір жыл бұрынғы 207,18 миллиард юаньға қарағанда 224,79 миллиард юаньды құрады.
Alibaba бұлтты қызметтерінің кірісі 2% – ға өсіп, 27,65 миллиард юаньға жетті.
Жақында АҚШ-тан Қытайға заманауи компьютерлік чиптерді экспорттауға шектеулердің кеңеюі бұлт сегментінің өнімдер мен қызметтерді сату...