Қаржы министрлігі Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын тағы сатып алды
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясының 23 466 133 акциясын (жалпы акцияның 3,85%) Қаржы министрлігіне сатып жіберді.
Қаржы министрлігі қор акциясын сатып алуға 249,9 млрд теңге жұмсаған. Яғни бір құнды қағаз үшін 11 540 теңге шығындаған. Осылайша қордың үлесі 71,27%-дан 67,42%-ға дейін түсіп, министрлік үлесі 20%-ға өсті.
Қор акцияларын сатып алуға арналған қаржы Ұлттық қор есебінен алынған. Осы тектес алғашқы келісім қазан айында жасалған. Жалпы Ұлттық қордан осы мақсатта осы кезге дейін 1,3 трлн теңге алынған.
2023 жылғы 26 қазанда Самұрық-Қазына мен Ұлттық банк «ҚазМұнайГаз» компаниясының 122 024 мың дана қарапайым акциясын сатып алу-сату шартын жасасты. Мәмілені жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
2022 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға...