Қазақстанда еңбек инспекторлары жалақы төлемеген жұмыс берушілерге 1224 ұйғарым беріп, 170 млн теңгеден астам сомада айыппұл салған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.
Оның айтуынша, биыл 940 кәсіпорын 24 мың қызметкерге 6,3 млрд теңгеден астам қарыз екені анықталған. Арнайы комиссияның жұмысынан кейін 22 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалып, оларға 5,4 млрд теңге өндіріліп алынған. Ал 1 900 қызметкер 34 кәсіпорыннан 910 млн теңге қарызды әлі алмаған.
«8936 еңбек бұзылысын анықтадық. Оның 6600-і еңбек саласына, 2094-і еңбек қауіпсіздігіне, 242-сі жұмыспен қамтуға қатысты болды. Жұмыс берушілерге 3741 ұйғарым...