Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ақшаны шешіп алу үшін қанша жинау керектігіне қатысты жеткілікті шегін жариялады. Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілікті шегі 6,6 млн теңгеден басталады. Енді 20 жастағы азаматқа зейнетақы қорынан ақша шешіп алу үшін 6 670 000 теңге жинау қажет болады. Жас ұлғайған сайын оның жеткілікті шегі де өсе береді.…