Алматыда бұрын төтенше жағдай мен құқық қорғау органдарында жұмыс істеген зейнеткерлерден тұратын ерікті жасақтар құрылмақ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, олар жер сілкінісі мен басқа да ТЖ кезінде халықтың іс-қимылын үйлестіреді.
«Біз жоғарыдан емес, төменнен бастап жатырмыз. ПИК, МИБ-термен жұмыс істейміз. Әр тұрғын үй кешенін, әрбір аула, қажет болса әрбір кіреберісті ескереміз. Сол жерде осы адамдардың арасынан арнайы топ құрамыз. Бұл – бұрын арнайы дайындықтан өткен зейнеткерлер, олар керек уақытта қажетті шараларды ұйымдастыра алады», – деді Әрінов үкімет брифингінде.
Ол сондай-ақ еріктілер халықты үйлестіретінін, сондай-ақ ТЖ кезінде өзін-өзі ұстау...