Қазақстанда транзиттік әлеуетті дамыту және тауар айналымын ұлғайту мақсатында Үкімет Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары қазіргі заманғы талаптарға сәйкес, жаңа өткізу пункттерін салуды қамтиды.
«Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде мүлдем жаңа жерде «Алакөл» автомобиль өткізу пункті салынуда, оның аумағы едәуір кеңейтілуде. 2023 жылғы шілдеде «Достық-теміржол» инспекциялық-тексеру кешені пайдалануға берілді»-делінген хабарламада.
Жаңғыртумен қатар кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде Бас диспетчерлік басқармадағы кеден бекеттерін...