Qazaq Air әуе компаниясын сатып алатын инвестор оның 38 млрд теңге қарызын 2044 жылға дейін өтей алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан мәлімдеді.
«Жаңа конкурстың артықшылығы – Qazaq Air әуе компаниясының қарызын өтеу мерзімі өзгерді. Қазіргі кезде компанияның 38 миллиард теңге қарызы бар. Оны 2044 жылға дейін өтеу керек. Өтініштер 29 қаңтарға дейін қабылданады, оған кез келген инвестор қатыса алады», – деді Салтанат Сәтжан.
Бұған дейін өткізілген аукционда Qazaq Air әуе компаниясының инвесторы қарызды 2033 жылға дейін өтейді деген талап болған. Салтанат Сәтжанның айтуынша, бұл – компанияның бес ұшақ үшін...