Бельгиялық азамат Жәнібек туралы ақпаратты алдын ала электронды пошта арқылы алып, баланы алу үшін қомақты қаражат төлеген / Коллаж: kursiv.media
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі шетел азаматтары асырап алған балаларға қалауына қарай Қазақстан азаматтығын беруді ұсынды. Ол сондай-ақ 1999 жылға дейін шетелге кеткен балалар туралы зерттеу жүргізу мәселесін көтеріп, үкімет басшысы мен Бас прокуратураға сауал жолдады.
«Біздің бүгінгі көтеретін тақырыбымыз шетелдіктер асырап алған балалардың тағдыры туралы болмақ. Рас, бұл тақырып бұған дейін бірнеше рет көтерілді. Еліміздің Бас прокуратурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, тексеріс жүргізді. Жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет...