Желтоқсан айында Қазақстанда тұрғын үй нарығы жандана түскен. Бұл айда тамыз айынан бергі екінші рет баспана сатып алу және сату бойынша 37 818 мәміле жасалған. Бұл жайлы Ұлттық статистка бюросы хабарлады.
«Желтоқсан тамыз айынан кейін тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша көп мәміле тіркелген екінші ай болды. 37 818 мәміле тіркелді. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 238 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 29 580 мәміле жасалды»,- делінген бюро хабарламасында.
2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 19,2% көбейді. Бұл айда 31 727 үй сатылған. Мәмілелер саны бойынша Алматы...