Қазақстанда 17 жылдан кейін су тапшылығы болуы мүмкін/telegram.org/k/#@mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек суды тиімді пайдалану мен оның өзектілігі жайлы мәселені көтеріп, 2040 жылға қарай елдегі су тапшылығы 15 млрд текше метр болатын айтып, жан айқайын жеткізді.
«Еліміз таза ауыз су ретінде пайдаланатын судың көлемі кемі 50 процентке азаяды. Сонда әрбір екінші қазақстандық ауызсусыз қалады деген сөз емес пе?! Ал ауыз сусыз адам 3 күн ғана өмір сүретін білесіздер. Бұл өте қауіпті», – деді.
Депутат еліміздің даласы көктемде көлге айналса, жазда шөлге айналатынын алға тартып, бұл мәселенің әлі күнге шешілмей отырғанын да ашына айтты. Осы...