Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жақсарту мақсатында автогазбен жүретін көліктерге арнайы белгі қою міндеттеледі. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Атап айтқанда, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 466-нк бұйрығымен ҚазСтандарт әзірлеген ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Газға қайта жабдықтау көп жағдайда барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілмейді.Сол себепті де, кей жағдайда мұндай көлік құралдары біздің азаматтарымыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газға қайта жабдықталған...