Жыл соңына дейін KEGOC акцияларының 5%-ы SPO-ға шығарылады. Бұл туралы жаңа үкімет құрамымен өткен алғашқы отырыста мәлім болды.
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің жаңартылған құрамымен бірқатар әлеуметтік-экономикалық міндеттерлі нақтылады. Ұлттық экономикамыздағы басты таяныштардың бірі – Квазимемлекеттік сектор субъектілері екендігін ескерсек, елдегі бірқатар компанияларды бәсекелестік майданында ширатуға тура келеді. Үкімет бұл бағытта бірнеше нысандарға IPO/SPO жүргізуді көздеп отыр.
Атап айтқанда, «осы жылдың соңына қарай КЕГОК компаниясында,, ал 2024 жылы – «Эйр Астана», 2025 жылы – «QazaqGaz», «Қазақстан Темір Жолы», «Самұрық-Энерго» компанияларында 5%-ға дейін IPO/SPO жүргізіледі деп күтіліп отыр. Халықтық IPO-да «ҚазМұнайГаз» IPO-сы сияқты ел азаматтарының өтінімдері басымдықпен...