S&P Global Ratings Кеңес Рақышев жетекшілік ететін «Fincraft Group» ЖШС рейтингін төмендетті. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, болжам «Тұрақты».
«2023 жылдың 17 шілдесінде S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі серіктестіктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «В+»-ден «В»-ге дейін және ұлттық шәкіл бойынша рейтингті «kzBBB»-ден «kzBB+»-ге дейін төмендетті. Рейтингтердің өзгеруінің болжамы «Тұрақты» делінген хабарламада.
Fincraft Group» ЖШСКомпанияның қысқа мерзімді кредиттік рейтингі » В » деңгейінде расталған.
«Fincraft Group» ЖШС басым бағыттары ретінде активтерді тиімді басқару және компанияның қарқынды дамуын қамтамасыз ету арқылы тұрақты көпбейінді компанияның беделін сақтау және нығайту деп...