Фото: kursiv.media
Осы жылдың 1-ші наурызынан бері Жайық-Каспий бассейнінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балық түрлеріне заңсыз браконьерлік фактілер бойынша 36 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жайлы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың 1 наурызында Экология министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында браконьерлікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеген.
Ал 27 наурызда бекіре және басқа да балық түрлерін қорғау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылған. Сол...