Грузияда 3 жұлдызды отельде 7 күн тұрудың орташа бағасы – бір адамға 278 мың теңге
Қазақстандықтар туристік сақтандыруды Түркия, БАӘ, Мысыр және Таиланд елдеріне жиірек ресімдейді. Мальдив аралдары, Испания, Доминикан Республикасы немесе Вьетнамға баратын туристер сақтандыруды сирек алады. Өмірді сақтандыру компаниялары мамандарының болжауы бойынша, 2023 жылдың жазында, сақтанушылар саны Грузия, Әзербайжан, Черногория, Италия, Грекия бағыттары бойынша өсетін болады.
Freedom Life ӨСК мамандары қазақстандықтар үшін демалу құны қай елдерде қымбаттағанын, ал қай елдерде елеулі төмендегенін анықтады.
БАЭ (Дубай, Шарджа).
Тамақтанусыз немесе 3-4 жұлдызды отельде тек таңғы асымен 7 күн тұрақтану, орташа алғанда, бір адамға 165 мың теңгені құрайды. Турдың арзандығына қарамастан...