Фото: kursiv.media
Елімізде ірі мыс өндіруші компания саналатын KAZ Minerals өткен жылдың қорытынды есебін жариялады.
Есепте мыс өндірісі 2022 жылы 27%-ға артып, 380 мың тоннаға дейін өскені жазылған. 2021 жылы бұл көрсектіш 299 мың тонна болған.
«Биылғы жылы компания Ақтоғай сульфидті байыту фабрикасында әлемдік деңгейде өндірісті ұлғайтты. Компанияның басқа да өндірістік алаңдарында өте жақсы өндірістік көрсеткіштерге жетіп, рекордтық көлемге қол жеткіздік», дейді КAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Эндрю Саузам.
Әсіресе, Ақтоғай екінші сульфидті фабрикасынының өндірісі артқан. 2022 жылы бұл фабрикада 227 мың тонна мыс өнідіріліп, өндіріс көлемі 64%-ға жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен...