Фото: kursiv.media
Елімізде жастар PhD ғылым дәрежесін алғаннан кейін университетке жұмыс істеуге бармайды. Мұндай пікірді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты.
«Жас ғалымдарға қатысты үлкен талдау жүргіздік. Біз неге PhD ғылыми дәрежесіне грант беріп жатырмыз? Жастар PhD-ді қорғай алмай кетеді немесе олар PhD дәрежесін қорғап, жоғары оқу орындарына не ғылыми зерттеу инстуттарына бармайды. Кей жағдайда ол жерде 1-2 жыл жұмыс істеп, кетіп қалады. Жастар ғылымға аз келеді. Осы мәселені зерттегенде шектеулер барына көзіміз жетті», – деді Саясат Нұрбек.
Айтуынша, PhD дәрежесін қорғау үшін халықаралық беделді журналдарға мақала жариялау керек. Екіншіден...