Гүлмира Сатыбалды соттағы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты мойындамады. Сондай-ақ судьяға Тұрсенғали Алагөзовке қатысты істі мұқият зерттеу қажет екенін айтты.
Қылмыстық іс Байқоңыр ауданының №2 сотында қаралып жатыр.
«Сыни ойлай алатын кез келген адам маған қатысты істің елдегі саяси өзгерістерге байланысты қозғалғанын түсініп отыр. Мені елдің бірінші президенттің отбасымен байланыстырады. Қазақстанның бұрынғы президенті ағасының ұлы Қайрат Сатыбалдының әйелі деп айтып жатыр», – дейді Гүлмира Сатыбалды.
Ол Қайрат Сатыбалдымен 20 жылдан аса уақыт бұрын ажырасып кеткенін, ортада 3 баласы бар екенін тағы да айтып өтті. Оның сөзінше, Қайрат Сатыбалдының жеке өміріне араласпаған, екеуінің ортақ кәсібі де...