2022 жылғы көрсеткіштердің қорытындысы бойынша ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Осылайша, ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңартылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп. Сондай-ақ, елімізде демалыс орындарының қатары көбейген. Мәселен, былтыр туристерді орналастыруға арналған 284 жаңа орын тіркелген, еліміз бойынша олардың жалпы саны 4 мыңға жетті. Ал бір мезгілдегі сыйымдылық 10 мың бірлікке артып, 203 мыңнан астам төсек-орынды құрады.
«Бізге шетелдік қонақтарды тартумен қатар ішкі туризм көрсеткіштері де маңызды. Мысалы, елімізде бір жылдан астам уақыт бойы Kids go...