Адам көбіне әсер, эмоциямен жүреді. Жасайтын әрекеттері де соған тікелей байланысты. Соған қарап ретейлтейнменттің заманауи концепциялары да өзгеріп келеді. Әсіресе, пандемиядан кейін онлайн сауда жасау күнделікті тірлікке айналды. Бүгінгі материалымызда онлайн саудаға әсер ететін оқиғалар мен технологиялар туралы айтамыз. Бизнес ретейлтейнментті іс жүзінде қалай қолданып отыр? Осыған тоқталамыз.
Ретейлтейнмент деген не?
Алдымен, ретейлтейнмент сөзіне анықтама берейік. Бұл retail — «бөлшек сауда» және entertainment — «ойын-сауық» деген екі сөзден құралған. Бұл концепцияны «шопиңтеймент» деп те атайды. Сауда жасаған кезде оған қосымша әсер беретін, эмоция сыйлайтын, сол арқылы көбірек сатып алуға итермелейтін әдістің түрі. Сатып алушы жаңа тәжірибе, жаңа әсер алады. Аталған терминд...