2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж) дүниеге келді , оның ішінде 208 мыңы – ұлдар, 195,5 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020ж...