Қазақстандықтар бағалы қағаздар нарығын белсенді игере бастады. «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ деректері бойынша инвесторлардың брокерлік шоттарының саны 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 573 мыңнан асты.
Қор нарығында бағалы қағаздармен сауда жасамас бұрын, ойынның негізгі ережелерін білу керек. Жаңадан бастаушы инвесторлар қандай қателіктер жіберуі мүмкін екендігін туралы Fingramota.kz айтып берді.
1.Ойланбай жасалған стратегия
Жаңадан бастаушы инвесторлардың негізгі қателіктерінің бірі – инвестициялаудың нақты стратегиясы мен мақсатының болмауы. Қор нарығына жаңадан келгендер толық тәуекелге баруға дайын және бәрін бірден алуға тырысады, көбінесе кірістілігі жоғары бағалы қағаздарды мүмкін болатын барлық тәуекелдерді талдамай сатып алады. Мұның салдары сатып алуға арналған бағалы қағаздар тез...