Биылғы қаңтар–тамыз айларында ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін өндіру 46,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7% көп.
ҚР үй шаруашылықтарында ет тұтынуы бірінші жартыжылдықта 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% өсіп, орта есеппен жан басына шаққанда 19,5 кг құрады. Бұл ретте ауылдық жерлерде орта есеппен жан басына шаққанда 20,9 кг ет (2,4% көбейген), қалалық жерлерде 18,5 кг 2,9% көбейген) тұтынылған.
2022 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда ет тұтынудың негізгі көлемі сиыр етіне тиесілі: орта есеппен жан басына шаққанда 12 кг — 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,1% арты...