Биылғы жылдың қаңтар–шілде айларында жаңа піскен немесе салқындатылған құс еті өндірісі 64,2 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5% артық. Сондай-ақ, 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,1% артық.
Өндірістің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Мәселен, Ақмола облысында республика бойынша өндірілген жаңа піскен немесе салқындатылған құс етінің 38,4%-ы және мұздатылған құс етінің 18,6%-ы, Алматыда жаңа немесе салқындатылған 16,6%-ы және мұздатылған құс етінің 50,6%-ы өндірілді.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, отандық компаниялар құс еті мен жеуге жарамды жанама өнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 68,9%-бен салыстырғанда...