Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысының орынбасары және Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, ведомство бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және бекіту бойынша жаңа тәсілдер әзірлеген.
Мәселен, қолда бар айналым қаражаты шеңберінде қантпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін қаржыландыру жоспарлануда, ол нарықты толықтырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы қант саласын дамытуға мүмкіндік бермек. Қант зауыттары 136 мың тонна қант шикізатының үш айлық көлемін сатып алып, жыл бойы тұрақты қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде зауыттар:
1 жылға...