Үкімет 2024-2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі «Қуатты АӨК» ұлттық жобасын бекітеді. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған қаулыда жазылған.
«Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын», – делінген құжатта.
2024-2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың «Қуатты АӨК» ұлттық жобасында көзделген шараларды іске асыру арқылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемін 2028 жылы 17 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Осылайша көрсеткіштер екі есеге артпақ. Ал 2023 жылғы көрсеткіш бойынша бұл сома 8,7 трлн теңгені құраған. Бұл номиналды мәнде 2019 жылғы...