NVIDIA жасанды интеллект әзірлеушілеріне арналған «Вудсток» деп аталатын конференциясында ЖИ модельдерін орналастыруға арналған чиптер мен бағдарламалық жасақтаманың жаңа буынын ұсынды. Бірақ бұл жаңалық инвесторларды таңқалдырмады. Компанияның акциялары шамамен 2% – ға төмендеді.
Толығырақ
Тұсаукесерден кейін NVIDIA-ның құнды қағаздары постмаркетте 1,8%-ға, 869 долларға дейін арзандады. Бұған дейін негізгі сессия барысында акция құны 0,7%-ға өсті.
Bloomberg жазуынша, Nvidia чиптерінің жаңа буыны туралы хабарландыру асыға күткен жаңалық болған. Тұсаукесерге дейін компанияның құнды қағаздарының бағасы тарихи рекордқа дейін, яғни 79%-ға өсті.
Nvidia не ұсынды
Компания жаңа Blackwell жасанды интеллект платформасын және алдыңғы Hopper H100-ден бес есе қуатты GB200 чипін көрсетті. Nvidia...