Елімізде жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 тұлға әуерейстерінен түсірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің көлік полицейлері осы жылдың басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 тұлғаны әуерейстерден түсірді, оның 16-сы алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде пайда болғаны үшін, 5-уі әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін және тағы да басқа теріс қылықтар үшін түсірілген. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады.
Оның айтуынша, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілдерінен «Түркістан – Астана» бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түст...