Биылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанға тауар экспортынан 71 млрд АҚШ долларынан астам қаржы түсті — бұл соңғы жылдардағы осы кезеңдегі рекордтық көрсеткіш. Бұдан жоғары көрсеткіш тек 2011–2013 жылдары ғана болған.
Биылғы қаңтар–қазан айларында шетелге жеткізу құнының өсу динамикасы да өткен жылдармен салыстырғанда жоғары: 44,9% өскен. Цифрларға қарайтын болсақ, өсімге негізінен шикізаттық факторлардың әсер еткенін байқаймыз: мұнай мен металдар елдің негізгі экспорттық тауарлары болып қала береді.
ҚР-ның ең маңызды он экспорттық позициясы шикізат пен қоспасы аз өнімдерден тұрады. Тізімнің басында ақшалай жағынан да, жеткізілімдердің физикалық көлемі бойынша маңызды тауар — шикі мұнай мен мұнай өнімдері. Биылғы он айда Қазақстанға қара алтынды шетелге...